Азия Чемпионаты: Төрехан Сабырхан ақтық сынға жолдама алды

Азия Чемпионаты: Төрехан Сабырхан ақтық сынға жолдама алды

World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс күнінің соңғы жекпе-жегінде әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан қытайлық боксшы Пейченг Уангты мерзімінен бұрын жеңді.

Шабуылда ширақ болған қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында қарсыласын үш рет есеңгіретті. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті екінші раундта тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша техникалық нокаут тіркелді.

Енді ол финалда (10 сәуір күні) иорданиялық боксшымен жұдырықтасады.

Айта кетейік, ертең жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасады. Ертеңгі жарыс күнінде алты боксшымыз шаршы алаңға шығады.

Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Екі қазақстандық бұрымды боксшы финалға шықты

Қазақстан көшбасшыларының бірі 1/2 финалда сүрінді

Санжар Ташкенбай Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или