Қазақстандық теннисшілердің ATP рейтингіндегі орындары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің ATP рейтингіндегі орындары анықталды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңартылған тізімде испаниялық Карлос Алькарас әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды. Екінші орында италиялық Янник Синнер тұрса, үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз позициясын сақтап, 11-орында қалды. Елдің екінші теннисшісі Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 77-орынға жайғасты. Ал Тимофей Скатов төрт орынға жоғарылап, қайтадан ТОП-200 қатарына енді — қазір ол 198-орында.

Сондай-ақ, америкалық Бен Шелтон сегізінші орынға көтеріліп, үздік ондықтағы орнын жақсартты. Ол отандасы Тейлор Фритцті тоғызыншы орынға ығыстырды.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады

Путинцева АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или