Азия чемпионаты: Екі қазақстандық боксшы финалға өтті
Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
80 келідегі Надежда Рябец 1/2 финалда үнді боксшысы Пужа Ранимен кездесті. Қос спортшы да айқас барысында айтарлықтай басымдыққа ие бола алмады. Кездесудің тағдыры шешуші 3-раундта шешіліп, төрешілер 3:1 есебімен жеңісті Надеждаға берді.
Ал аса ауыр салмақтағы Дина Исламбекова 1/2 финалда өзіне жақын таныс Олтиной Сотимбоевамен кезекті рет жекпе-жекке шықты. Отандасымыз 3 раунд бойы қашықтықты қысқартып, шабуылда белсенді болды. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен Динаны жеңімпаз деп таныды.
Қазақстан көшбасшыларының бірі 1/2 финалда сүрінді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или