Даулы матчтың төрешісін қатаң жаза күтіп отыр

Даулы матчтың төрешісін қатаң жаза күтіп отыр

Қазақстандық төреші Санжар Ысқақов төрешіліктен ұзақ мерзімге немесе өмір бойы шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық маман «Ордабасы» мен «Атырау» кездесуінде ақылға сыймайтын шешім қабылдап, атыраулық клубтың соққан екінші голын есептемей тастады. Сондай-ақ олардың қақпасына дау тудырған пенальти белгіледі.

Бүгін ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру «Ордабасы» – «Атырау» матчындағы шешімдерге байланысты түсініктеме беріп, төрешінің екі сәтте де қателескенін мәлімдеген болатын.

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, осы жағдайдан кейін Санжар Ысқақов төрешіліктен ұзақ мерзімге немесе тіпті өмір бойына шеттетілуі мүмкін.

ҚФФ Шымкенттегі даулы матчқа түсініктеме берді. Төреші екі эпизодта қателесті ме?

ҚПЛ: Төртінші тур матчтарына жиналған көрермендер саны белгілі болды

«Ордабасы» тең ойыннан кейін көш бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или