Азия чемпионаты: Бақыт Сейдіш финалға шықты
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатының алғашқы жартылай финалдық кездесулері басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
70 келі салмақтағы қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш жартылай финалда қытайлық Алимире Абудурейумиді 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Айта кетейік, қазақстандық боксшының қарсыласы - 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы болған еді.
Осылайша, Бақыт қазақстандық боксшылар арасында алғаш болып финалға шықты.
Азия чемпионаты: 1/2 жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или