Азия чемпионаты: 1/2 жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы

Азия чемпионаты: 1/2 жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы

Дүйсенбі, 6 сәуірде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия бокс чемпионатының жартылай финалында Қазақстаннан жеті боксшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Махмұд Сабырхан, Бақыт Сейдіш және Валентина Халзова Қазақстан уақыты бойынша сағат 9:00-де басталатын таңғы сессияда бақ сынайды.

Ертуған Зейнуллин, Төрехан Сабырхан, Надежда Рябец және Дина Исламбекова сағат 14:00-ден кейін рингке шығады.

Жартылай финалдың тікелей эфирін Qazsport телеарнасынан көруге болады.

10:00 Әйелдер, 70 кг. Бақыт Сейдіш - Алимире Абудурейму (Қытай);

10:45 Әйелдер, 75 кг. Валентина Халзова - Зийи Бао (Қытай);

11:00 Ерлер, 55 кг. Махмуд Сабырхан - Хархуу Билгүүнсайхан (Моңғолия);

15:00 Әйелдер 80 кг. Надежда Рябец - Пуджа Рани (Үндістан);

15:15 Әйелдер 80+ кг. Дина Исламбекова - Олтина Сотимбоеваға (Өзбекстан);

15:45 Ерлер 65 кг. Ертуған Зейнуллинов - Бунджон Синсири (Тайланд);

16:00 Ерлер 70 кг. Төрехан Сабырхан - Пейчен Ван (Қытай).

Еске сала кетейік, Қазақстан бокс құрамасында 2026 жылғы Азия бокс чемпионатының жартылай финалында жалпы он үш боксшы бақ сынайды.



Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

Санжар Ташкенбай Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или