Қазақстандық теннисшінің Монакода өтіп жатқан турниріндегі қарсыласы белгілі болды
Монте-Карлода (Монако) өтіп жатқан турнирдегі қазақстандық теннисші Александр Бубликтің (ATP рейтингінде 11-орын) алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бублик турнирді екінші айналымнан бастайды, онда ол франциялық Гаэль Монфиспен (203-орын) кездеседі. Турнирдің басында турнир ұйымдастырушыларынан wild card алған Монфис нидерландылық теннисші Таллон Грикспорды (30-орын) 6-7, 6-1, 6-4 есебімен жеңді.
Монте-Карлодағы турнирдің жүлде қоры 6 309 095 еуро. Жекелей сында жеңімпаз 974 370 еуро және 1000 рейтингтік ұпай жинайды.
Жібек Құламбаева ширек финалға шықты
Путинцева АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті
Бухарест турнирі: Қазақстанның екінші ракеткасы алғашқы матчын өткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или