Александр Шевченко Монакодағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Александр Шевченко Монакодағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде 76-орында) Монакода (Монте-Карло) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеудің финалында Шевченко испаниялық теннисші Роберто Баутиста Агутомен (80-орында) кездесіп, оны 7:6 (7:3), 7:6 (7:4) есебімен жеңді. 

Кездесу 2 сағат 14 минутқа созылды. 

Монте-Карлодағы турнирдің жүлде қоры 6 309 095 еуро. Жеңімпаз 974 370 еуро және 1000 рейтингтік ұпай жинайды. Испаниялық теннисші Карлос Алькарас (1-орында) турнирдің фавориті болып саналады.

Жібек Құламбаева ширек финалға шықты

Путинцева АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

Бухарест турнирі: Қазақстанның екінші ракеткасы алғашқы матчын өткізді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или