13 қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты
Қазақстан құрамасы бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финал қорытындысы бойынша 13 қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Ерлер арасында жүлдегерлер қатарына Махмуд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов, Ертуған Зейноллинов, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай енді.
Әйелдер арасында Айгерім Саттыбаева, Бақыт Сейдіш, Валентина Хальзова, Надежда Рябец және Дина Исламбекова жарысты жалғастырып жатыр.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде қазірдің өзінде 13 медаль бар. Ал жартылай финал мен финалда олардың жүлде сапасын жақсартуға мүмкіндік бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или