Жезқазғанда өткен матчта жеңімпаз анықталмады
Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында «Ұлытау» өз алаңында «Ақтөбемен» тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Жезқазғандағы «Металлург» стадионында өтті. Бірінші таймда алаң иелері белсендірек көрініп, бірнеше қауіпті сәт жасады.
Үзілістен кейін де «Ұлытау» қысымды күшейтті. «Ақтөбе» қақпашысы Александр Заруцкий бірнеше рет командасын құтқарды, алайда Бека Вачибердзе алыстан соққы жасап, есеп ашты.
Қонақтар жауапсыз қалмады. Даниэль Соса таразы басын теңестіріп, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 1:1.
Осы нәтижеден кейін «Ұлытау» 5 ұпай жинаса, «Ақтөбе» 4 ұпаймен турнир кестесінің орта бөлігінде тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или