«Каспий» өз алаңында тағы ұпай жоғалтты

«Каспий» өз алаңында тағы ұпай жоғалтты

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында «Каспий» «Жетісумен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Қызылордадағы «Қайсар Аренада» өтті. Екі команда да сақ ойнап, тең деңгейде өнер көрсетті.

Есеп бірінші таймның соңында ашылды. Айып алаңына жасалған пастан кейін Андре Амарал допты өз қақпасына соғып алды.

Екінші таймда «Каспий» таразы басын теңестіруге тырысты, алайда қауіпті сәттер аз болды.

Кездесу 0:1 есебімен «Жетісудың» пайдасына аяқталды. Осы жеңістен кейін талдықорғандық клуб маусымдағы алғашқы жеңісіне жетіп, 5 ұпай жинады. Ал «Каспий» 1 ұпаймен турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или