Максим Фединге операция жасалады
«Ертіс» клубының капитаны Максим Федин ауыр жарақат алып, жақын арада ота жасатады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
29 жастағы жартылай қорғаушының тізесіндегі алдыңғы айқас байламы үзілгені анықталды. Қалпына келу мерзімі операциядан кейін және оңалту процесі басталған соң белгілі болады.
Осы маусымда Федин үш матчқа қатысып, бір гол соқты. Премьер-лигаға қайта оралғаннан кейін «Ертіс» төрт ойын өткізіп, алты ұпай жинады.
Павлодарлық клуб Қазақстанның бес дүркін чемпионы саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или