«Сити» Кубокта тарихи көрсеткішке жетті
«Манчестер Сити» Англия кубогында өз алаңындағы 18-ші қатарынан жеңісіне жетіп, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz. Команда бұл жетістікке «Ливерпульді» 4:0 есебімен ойсырата жеңу арқылы қол жеткізді.
Осы нәтижемен «Сити» 1873–1881 жылдары 17 рет қатарынан үйде жеңіске жеткен «Клэпхэм Роверс» клубының көрсеткішінен асып түсті. Бұл – турнир тарихындағы ең ұзақ серия.
Сонымен қатар, манчестерлік клуб Англия кубогының жартылай финалына қатарынан сегізінші рет шығып, өз рекордын тағы жаңартты. Бұдан бөлек, команда сырт алаңдағы матчтарда да 2018 жылдан бері жеңіліс көрмей келеді.
Егер «Манчестер Сити» осы маусымда тағы бір жеңіске жетсе, онда клуб тарихта алғаш рет Англия кубогының финалына қатарынан төртінші рет шығатын команда атанбақ.