Айбар Абдулла «Атырауға» ауысты

Айбар Абдулла «Атырауға» ауысты

«Атырау» клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Айбар Абдулламен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы футболшы «Қайрат» академиясының түлегі болып саналады.

Өткен маусымда ол «Ақтөбе» сапында жеті матч өткізіп, кейін «Тұранға» ауысып, түркістандық клуб құрамында алты ойынға қатысты.

Сондай-ақ Абдулла Қазақстанның жастар құрамасында өнер көрсетіп, тоғыз матчта үш гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или