Жәнібек Әлімханұлы оралғаннан кейін кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
5 сәуірге қараған түні WBO-ның уақытша чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өтті. Осы кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлыбританиялық боксшы Дензел Бентли венесуэлалық Эндри Сааведраны жетінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп, WBO нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атанды.
Осылайша, дәл Бентли Жәнібек Әлімханұлы үшін міндетті үміткер мәртебесіне ие болды.
Ұйым регламентіне сәйкес, дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 2 желтоқсанда аяқталғаннан кейін қазақстандық чемпион британдық боксшымен міндетті түрде кездесуі тиіс. Кері жағдайда Жәнібек чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, бұл боксшылар бұған дейін де кездескен. 2022 жылы Жәнібек Әлімханұлы төрешілер шешімімен Дензел Бентлиден басым түскен болатын.
Азия чемпионаты: Ширек финалдың тікелей трансляциясы
Санжар Ташкенбай Азия чемпионатында жеңіліп қалды
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты