«Қайсар» сапына бразилиялық футболшы ауысты
Қызылорданың «Қайсар» командасы 24 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Микеас Эваристомен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойыншы қазақстандық клубқа Бразилияның жоғары лигасындағы «Бахиядан» келді. Бұрын «Итуано» және «Америка Минейро» командаларында жартылай қорғаушы позициясында ойнаған.
Жаңа ойыншының негізгі позициясы - орталық жартылай қорғаушы, бірақ ол алаңның ортасында әртүрлі рөлдерде ойнай алады. Өткен маусымда Микеас Бразилия А сериясында 39 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Қазақстандық клуб атауын өзгертті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или