Азия чемпионаты: Ширек финалдың тікелей трансляциясы

Азия чемпионаты: Ширек финалдың тікелей трансляциясы

Бүгін, 5 сәуірде Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында Азия чемпионатында келесі жартылай финалистер анықталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рингке Қазақстан құрамасының төрт өкілі шығады.

Таңғы сессия (сағат 9:00-де басталады)

Әйелдер арасындағы 57 келі (шамамен сағат 10:00): Ұлжан Сәрсенбек тайландтық Пунрави Руэнроспен кездеседі.

Кешкі сессия (сағат 14:00-де басталады)

75 келіге дейін (шамамен сағат 14:30): 2025 жылғы IBA әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықов жапондық Яги Тайгамен кездеседі.

80 келіге дейін (шамамен сағат 14:50): Ерасыл Жакпеков 2025 жылғы бокстан әлем чемпионы өзбекстандық Фазлиддин Еркінбоевке қарсы шығады.

90 келіге дейін (шамамен 15:30): Сағындық Тоғамбай келесі раундқа шығу үшін қытайлық боксшы Хань Сюэжэньге қарсы жұдырықтасады.

Жекпе-жектер Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.


Санжар Ташкенбай Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қанат Ислам жастар құрамасына іріктеу жүргізіп жатыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или