Ла Лига: «Барселона» сырт алаңда «Атлетиконы» жеңді
Испания Ла Лигасының 30-шы турында «Атлетико Мадрид» пен «Барселона» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Мадридтегі «Сивитас Метрополитано» стадионында өтті.
Джулиано Симеоне 39-шы минутта есеп ашты, бірақ үш минуттан кейін Маркус Рэшфорд таразы басын теңестіріп кетті. Бірінші таймның қосымша уақытында Николас Гонсалес алаңнан қуылып кетті. Екінші таймда «Барселона» 88-ші минутта Роберт Левандовскидің арқасында жеңісті жұлып алды - 1:2.
76 ұпайы бар «Барселона» «Реал Мадридтен» жеті ұпай алда, ал «Атлетико» 57 ұпаймен төртінші орында.
Чеферин Италия құрамасының сәтсіздігіне қатысты пікір айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или