Ромеро: Топурияға қарсы ерекше тактика керек
Кубалық файтер Йоэль Ромеро Илия Топурияны жеңудің жолын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, чемпионның күшін тек сезіну арқылы толық түсінуге болады және оған қарсы арнайы тактика қажет.
«Оның күшін сырттай бағалау басқа, ал рингте сезіну — мүлде бөлек. Менің жоспарым — тек хайкик тебу. Денеге де, аяққа да емес, тек басқа бағытталған соққылар. Осылай оның қолдарын зақымдап, қорғануға мәжбүр ету керек», — деді Ромеро.
Ол сондай-ақ Топурияның ауыр соққыларымен қауіпті екенін атап өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или