Шымкентте тартысты матч тең нәтижемен аяқталды

Шымкентте тартысты матч тең нәтижемен аяқталды

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында «Ордабасы» өз алаңында «Атыраумен» тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкентте өткен матч өте тартысты өтті. Қонақтар бірінші болып есеп ашып, ұзақ уақыт бойы алда тұрды.

Алайда алаң иелері жеңілістен құтылып, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша «Атырау» маусымдағы алғашқы жеңісіне жете алмады.

Бұл тең нәтиже «Ордабасыға» 8 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Ал «Атырау» 3 ұпаймен 11-орында тұр.

Айта кетейік, екі команда да осы маусымда әлі жеңіліс көрмеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или