Джо Роган Стивесонға жоғары баға берді
UFC комментаторы Джо Роган америкалық файтер Гейбл Стивесон туралы жоғары пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, 24 жастағы балуан әрі ММА файтері Даниэль Кормьеден де мықты болуы мүмкін. Сонымен қатар Стивесонның физикалық мүмкіндіктері ерекше екенін атап өтті.
«Стивесон Кормьеден де жақсы болуы мүмкін. Ол одан ірі, өте мықты. Бұл жігіт – феномен. Ол Джон Джонспен бірге жаттығады. UFC-ге келсе, бәріне қиын болады. Бұл спортта оған тек Джон ғана бәсекелес бола алады», — деді Роган.
Сондай-ақ Роган оның күрес техникасы мен жылдамдығы қарсыластарына үлкен қиындық туғызатынын жеткізді.
Айта кетейік, Гейбл Стивесон — еркін күрестен Олимпиада чемпионы және ММА-де жеңіліс көрмеген спортшы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или