Астановтың пенальтиі «Ордабасыға» бір ұпай сыйлады

Астановтың пенальтиі «Ордабасыға» бір ұпай сыйлады

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында «Ордабасы» өз алаңында «Атыраумен» тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкентте өткен матчта алаң иелері басымдық танытқанымен, есепті бірінші болып қонақтар ашты. Қарсы шабуыл кезінде Константин Дорофеев Бекхан Шайзада қорғаған қақпаны дәл көздеді.

Голдан кейін «Ордабасы» қысымды күшейтті. Ги-Марселин Киламаның соққысы бағанаға тиіп, есеп өзгеріссіз қалды. Екінші таймда шымкенттік клуб толықтай шабуылға көшіп, ойынды қарсылас алаңында өткізді.

Кездесудің тағдыры қосымша уақытта шешілді. 101-минутта төреші пенальти белгілеп, оны Эльхан Астанов сәтті орындады — 1:1.

Осы нәтижеден кейін «Ордабасы» 8 ұпай жинап, турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде қалды. Ал «Атырау» 4 ұпаймен төменгі бөлікте орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или