Оралбай: Алтын үшін бар күшімді саламын

Оралбай: Алтын үшін бар күшімді саламын

Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Азия чемпионатының ширек финалындағы жеңісіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Улан-Баторда өткен жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы боксшы өзбекстандық Арман Махановты 4:1 есебімен төрешілердің шешімімен жеңді. Осы жеңіс оның жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола медаль алуына мүмкіндік берді.

Жекпе-жектен кейін Оралбай қарсыласының да қазақ екенін айтып, мұндай айқастардың оңай болмайтынын жеткізді.

«Жеребе түскенде сәл ыңғайсыз болды. Қарсыласымыз да қазақ. Бірақ рингке шыққан соң бәріміз қарсыласқа айналамыз. Бұл менің алғашқы жекпе-жегім болды, енді қарқынға ендім деп ойлаймын. Келесі айқастар бұдан да жақсы өтеді», — деді Оралбай.

Сондай-ақ ол жанкүйерлерге алғысын білдіріп, алтын медаль үшін бар күшін салатынын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или