Азия ойындарына Қазақстаннан 500 спортшы қатысады
2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстан атынан шамамен 500 спортшы қатыспақ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманы дайындау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізген. Кеңесте:
- Ұлттық команданың құрамы мен спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері;
- Приоритетті спорт түрлерінде дайындық тиімділігін қамтамасыз ету;
- Алдағы ойындарда 43 спорт түрі бойынша 438 медаль жиынтығы берілетіні айтылды.
Болжам бойынша, Қазақстан спортшылары 30-дан астам спорт түрінен өнер көрсетеді. Дайындыққа арнайы штаб құрылып, ең көп медаль әкелетін спорт түрлері анықталған.
Айта кетелік, жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек – 4 қазан 2026 жылдар аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или