Айбек Оралбай: Азия чемпионы атанған алғашқы қазақ болу мақсатым!

Айбек Оралбай: Азия чемпионы атанған алғашқы қазақ болу мақсатым!

Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Азия чемпионатындағы жеңісінен кейін амбициялық жоспарын жария етті, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Улан-Баторда өткен жекпе-жекте ол этникалық қазақ, Өзбекстан намысын қорғайтын Арман Махановты 4:1 есебімен жеңіп, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. 

Боксшының айтуынша, енді оның басты мақсаты алтын медаль жеңіп алып, тарихта үш дүркін Азия чемпионы атанған алғашқы қазақ болу.

«Алла қаласа, елімді алтын медальмен қуанту үшін бар күшімді саламын. Үш дүркін Азия чемпионы атанған алғашқы қазақ болу үшін аянбай еңбек етемін» деді ол.

Айта кетелік, аталмыш айқас Оралбай үшін турнирдегі алғашқы кездесу болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или