«Қайсар» жанкүйерлері клуб басшылығына талап қойды
Қызылордалық «Қайсар» жанкүйерлері клуб басшылығы мен бапкерлер штабына қатаң талап қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу барысында олар командаға бұрынғы капитан мен қорғаушыны қайтаруды ұсынған.
Алайда Алдан Балтаев бұл трансферлердің қазіргі жағдайда мүмкін емес екенін айтып, жаңа басшылықпен ортақ келісімге келе алмаған соң қызметінен кетуге шешім қабылдады. Ал бас бапкер Андрей Ферапонтов команда нәтижесіне байланысты сынның астында қалды.
Айта кетелік, Қазақстан Премьер-Лигасы аясында өткен үш турдан кейін «Қайсар» небәрі екі ұпай жинап, жанкүйерлердің наразылығын күшейтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или