КХЛ-де «Барыстың»жаңа қарсыластары пайда болуы мүмкін

КХЛ-де «Барыстың»жаңа қарсыластары пайда болуы мүмкін

КХЛ вице-президенті Сергей Доброхвалов лигаға жаңа шетелдік командалардың қосылуы мүмкіндігі туралы ескертті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі таңда КХЛ-де үш шетелдік клуб өнер көрсетеді (Барыс (Астана), Динамо Минск және Шанхай Драгонс) Жаңа командалардың келуі үшін аренаның сапасы, инфрақұрылым, жарықтандыру, логистика және тұрақты қаржыландырудың кемінде 3–5 жылға қамтамасыз етілуі маңызды.

Доброхваловтың айтуынша, қазіргі таңда талаптарға сай елдер жоқ, бірақ қызығушылық бар, әрі клубтар әлі зерттеліп жатыр. 

Айта кетелік, жаңа аренаның енгізілуімен КХЛ-де ескі стадиондар қалмайды, бұл да жаңа командаларды тартудың негізгі шарттарының бірі болып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или