Миланда өткен Олимпиадада допинг табылмады
2026 жылғы Қысқы Олимпиадада бірде-бір допинг фактісі тіркелмеді. Алайда мамандар бұл нәтижеге күмәнмен қарап, шындық уақыт өте анықталуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
2026 жылғы Қысқы Олимпиада барысында Миланда өткен жарыстарда 2000-ға жуық спортшыдан 3000-нан астам сынама алынғанымен, бірде-бір оң нәтиже анықталмаған. Бұл 1998 жылғы Нагано Олимпиадасынан бері алғаш рет тіркелген жағдай.
Дегенмен, бұл ойындарды толық «таза» деуге ерте. Себебі допинг сынамалары 10 жыл бойы сақталады және жаңа технологиялар арқылы қайта тексерілуі мүмкін. Бұған дейін 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы нәтижесінде ондаған медаль қайта бөлінгені белгілі.
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік мәліметінше, спортшылардың 92%-ы жарысқа дейін тексеруден өткен. Соған қарамастан, италиялық биатлоншы Ребекка Песслер ісі күмән туғызды.
Айта кетелік, оның сынамасынан тыйым салынған зат табылғанымен, апелляциядан кейін жарысқа қатысуға рұқсат берілген.