Қанат Ислам жастар құрамасына іріктеу жүргізіп жатыр
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам жастар құрамасына іріктеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, ол Түркістан қаласына барып, Бекзат Саттарханов атындағы халықаралық турнирге қатысуда. Бұл жарысқа Қазақстанның ең мықты жас боксшылары жиналған.
«Осындай турнир арқылы біз ұлттық құрамаға ең мықты жастарды іріктеп аламыз. Қазақстанның туын биік көтеретін ізбасарлар көп болсын» деді ол.
Қанат Ислам 2026 жылдың 24 наурызында ресми түрде Қазақстан жастар құрамасының (U-19) координаторы болып тағайындалды. Ал команданың бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев еді.
Айта кетелік, 2026 жылдың шілде айында Джакарта қаласында жастар арасындағы (U-19) және 23 жасқа дейінгі (U-23) Азия чемпионаты өтеді. Сондай-ақ жаз соңында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен жастар арасында әлем чемпионаты жоспарланған.