Әлем чемпионатының билеттері тағы қымбаттады
FIFA 2026 жылы жазда өтетін әлем чемпионаты финалының билеттерін тағы қымбаттатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Енді Америкадағы «MetLife» стадионында өтетін финалдың ең қымбат билеті 10 990 доллар тұрады. Осыған дейін 8680 доллар болған еді. Ал үшінші категориялы билеттер 4185 доллардан 5785-ке көтеріліп кетті.
Айта кетейік, жаһандық доп додасы 11 маусым мен 19 шілде аралығында Америка, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Әлемдік додаға тарихта тұңғыш рет 48 мемлекет қатысады.
- Еуропа: Англия, Франция, Чехия, Хорватия, Португалия, Норвегия, Нидерланд, Германия, Испания, Швейцария, Шотландия, Австрия, Бельгия, Швеция, Босния және Герцеговина, Түркия.
- Африка: Марокко, Тунис, ОАР, Египет, Алжир, Гана, Кабо-Верде, Сенегал, Кот-д’Ивуар, Конго ДР.
- Азия: Өзбекстан, Иордания, Оңтүстік Корея, Жапония, Катар, Иран, Австралия, Саудия, Ирак.
- Оңтүстік Америка: Аргентина, Бразилия, Уругвай, Эквадор, Колумбия, Парагвай.
- Солтүстік Америка: АҚШ, Канада, Мексика, Панама, Кюрасао, Гаити.
- Океания: Жаңа Зеландия.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или