ҚФФ трансляцияғы жауапты компаниямен жұмыс істеуді тоқтатты

ҚФФ трансляцияғы жауапты компаниямен жұмыс істеуді тоқтатты

ҚФФ Бірінші, Екінші және әйелдер лигасының трансляциясына жауапты компаниямен жұмыс істеуді тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан футбол федерациясы Бірінші, Екінші және әйелдер лигасы матчтарының трансляциясына жауапты компаниямен ынтымақтастықты тоқтатты.

2026 жылдың наурыз айында ҚФФ телетрансляция қызметіне ашық конкурс өткізген болатын. Осыған дейін продакшн саласының өкілдерімен бірнеше жұмыс кездесулері өтіп, трансляция сапасына қойылатын нақты техникалық талаптар бекітілген.

Конкурс нәтижесінде жеңімпаз компания анықталып, лига матчтарын көрсету құқығын алған еді.

Алайда Бірінші және Екінші лиганың алғашқы тур ойындарының түсірілімін тексеру барысында көрсетілген қызмет сапасы қойылған талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

Осыған байланысты ҚФФ бұл компаниямен жұмысты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Қазір федерация жаңа конкурс ұйымдастыру жұмыстарын бастап кетті. Трансляцияға қатысты толық ақпарат кейінірек жарияланады.

Қазақстандық клуб атауын өзгертті

Самородов «Ахмат» сапында үздіктер қатарына кірді

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері белгілі болды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или