Махмұд Сабырхан өзбекстандық Шахзод Мұзафаровпен кездесті
Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екі дүркін әлем чемпионы, 55 келідегі Махмұд Сабырхан 1/4 финалда Шахзод Мұзафаровпен (Өзбекстан) жұдырықтасты.
Бір-бірін жақсы білетін боксшылар аңдысып жатпай-ақ, алғашқы раундтан ашық айқасқа кетті. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен отандасымыз жеңіске жетті.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2024 жылғы құрлықтық жарыстың финалында дәл осы Шахзод Мұзафаровты жеңіп, Азия чемпионы атанған.
Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или