Кадеттер арасында ӘЧ: Қазақстандық семсерлесуші 1/8 финалға дейін жетті
Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты жалғасуда,, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-не сілтеме жасап.
Кезекті жарыс күні қылыштасудан кадеттер арасында жүлделер сарапқа салынды.
Қазақстан құрамасының сапында ең үздік нәтижені Айбар Қайым көрсетті. Ол жарыстың 1/8 финалына дейін жетіп, тартысты кездесуде Пуэрто-Рико өкілі Девон Маттуға 14:15 есебімен жол берді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 11-орынға тұрақтады.
Алтын медальді Айден Цзе (АҚШ) жеңіп алды. Күміс жүлде Георгий Урушадзеге (Грузия) бұйырды. Қола медальді Кеннет Конг (Швеция) пен Матей Раду (Румыния) иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін осы бағдарламада жасөспірімдер арасында Нұрмұхаммед Жайлыбай Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальді салған болатын.