Бокстан Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жарыс жолына шықты

Бокстан Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жарыс жолына шықты

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өтіп жатқан бокс бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

70 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда ол Тәжікстаннан келген Шамшер Саидовпен кездесті. Жекпе-жек Төреханның пайдасына аяқталды. Төрешілер 4:1 есебін тіркеді. Жартылай финалға шыққан Төрехан кемі қола медаль қоржынға салды. 

Айта кету керек, Төрехан Сабырхан өткен жылы Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

2026 жылғы Ұлан-Батордағы Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады.



Қазақ боксшысы Чехияда жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы белгілі

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или