Асанәлі Саркенов АҚШ-та нәтижелі матч өткізді
«Спокан Чифс» командасы 1/8 финалдық сериясында «Принц Джордж Кугарсқ» текетіресте есеп айырмасын қысқартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сапында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Асанәлі Саркенов бар клуб 5-ші ойында қосымша уақытта жеңіске жетті (4-3).
Асанәлі жеңісті голда әріптесіне пас берді.
Еске сала кетейік, Саркенов алдыңғы күні серияның 4-ші ойынында гол соғып, командасына есеп айырмасын қысқартуға көмектесті.
Бүгінгі жеңіспен «Спокан Чифс» плей-офф сериясындағы есеп айырмасын 2-3 есебімен қысқартты.
Командалар сериядағы алтыншы матчын 6 сәуір күні өткізеді.
Ел біріншілігі: Финалдағы «Номад» — «Сарыарқа» матчына бейнешолу
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или