Азия чемпионаты: Ағайынды екі қазақ боксшысы рингке шығады. Тікелей трансляция
Бүгін, 3 сәуірде Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасының қатысуымен екі жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Күндізгі сессияда (Астана уақыты бойынша таңғы 9:00) Төрехан Сабырхан ширек финалда 70 келі салмақ дәрежесінде Шамшер Саидовпен (Тәжікстан) кездеседі. Қазақ боксшысы рингке тоғызыншы жұпта шығады.
Сағат 14:00-де басталатын түстен кейінгі сессияда Төреханның үлкен ағасы Махмуд Сабирхан бақ сынайды. Ол 55 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалына жолдама алу үшін өзбекстандық Шахзод Музафаровпен кездеседі.
Тікелей эфир Qazsport телеарнасында тамашалауға болады.
Ұлан-Батордағы ересектер арасындағы бокстан Азия чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымымен өткізіліп жатыр. Жарыс 10 сәуірге дейін жалғасады.
Қазақ боксшысы Чехияда жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы белгілі