Қазақ боксшысының Чехияда өтетін жекпе-жектегі қарсыласы белгілі
18 сәуірде Чехияның Прага қаласында өтетін жекпе-жекте қазақстандық боксшы Дәулет Дәукеновтің (17-2, 8 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Дәукеновтің қарсыласы словакиялық Лукас Пасторек (4-3, 4 КО) болады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған және жартылай орта салмақта өтеді.
Дәулет Дәукенов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 17 қазанында Алматыда өткізіп, ирандық Хашаяр Гассемиді (17-8, 16 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Лукаш Пасторек 7 наурыз күні Брнода (Чехия) отандасы Милош Беранектен (17-4-1, 8 КО) жеңіліп қалды.
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының ширек финалына өтті
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында жеңіліп қалды
World Boxing: бокстан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасына жетті