OCTAGON 85 басты жекпе-жегі күтпеген жайтпен аяқталды

OCTAGON 85 басты жекпе-жегі күтпеген жайтпен аяқталды

OCTAGON 85 турнирінің басты жекпе-жегі күтпеген жағдаймен аяқталып, чемпиондық титул иесі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақта қазақстандық чемпион Богдан Пшебельский өз белбеуін өзбекстандық «хайлайт-машина» Шохасан Мирзаматовқа қарсы қорғады. 

Айқастың алғашқы секундтарында-ақ файтерлер соққы алмасуға кірісті. Алайда бір сәтте чемпион тыйым салынған соққы жасады. Үзіліс кезінде Мирзаматовтың сол қолының саусағы жарақат алғаны белгілі болып, ол жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Нәтижесінде кездесу өтпеген боп бекітіліп, чемпиондық белбеу Богдан Пшебельскийдің өзінде қалды. 

Айта кетелік, келесі OCTAGON 86 турнирі 1 мамыр күні Ташкентте өтеді. Оның басты жекпе-жегінде қазақстандық Саят Абдуали жеңіл салмақтағы титулын өзбекстандық Асадбек Саидовқа қарсы қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или