Өзбек файтерін жеңген Еламан Жетпісбайдың жеңісі күмән тудырды

Өзбек файтерін жеңген Еламан Жетпісбайдың жеңісі күмән тудырды

OCTAGON 85 турнирінің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінің иегері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Титул үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық Еламан Жетпісбай мен өзбекстандық Жамолиддин Рахмонжонов октагонда жолықты.

Алғашқы раунд аса белсенді өтпегенімен, соңына қарай Рахмонжонов күтпеген соққымен қарсыласын теңселтіп, жеңіске бір қадам жақын болды. Кейінгі раундтарда өзбек файтері қауіпті қылқындыру әдісін жасауға тырысса, Жетпісбай партерде белсенділік танытып, басымдыққа ие болды.

Бес раундқа созылған айқастың қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Еламан Жетпісбайға берді. 

Айта кетелік, алайда бұл шешім арендағы жанкүйерлер тарапынан қызу талқыға түсіп, наразылық тудырды.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или