Өзбек файтері «Сатурн» OCTAGON 85 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Өзбек файтері «Сатурн» OCTAGON 85 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

OCTAGON 85 турнирінде өткен жекпе-жекте өзбекстандық файтер айқын басымдық танытып, кездесуді ерте аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай жеңіл салмақта қазақстандық Қазбек Төлен октагонда өзбекстандық блогер әрі файтер Огабек Абдумуминовпен кездесті.

«Сатурн» лақап атымен танымал Абдумуминов алғашқы раундтың ортасына қарай жекпе-жекті толық бақылауына алып, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл оның мәнсабындағы бесінші жеңісі.

Айта кетелік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Богдан Пшебельский жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғау үшін өзбекстандық Шохасан Мирзаматовқа қарсы шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или