Өзбекстандық «Тайсон» жеңіске жетті
OCTAGON 85 турнирі аясында өзбекстандық «Тайсон» жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Аймырза Бекембетов октагонда өзбекстандық Жасурбек Жураевпен кездесті. «Тайсон» лақап атымен танымал Жураев жекпе-жекті бірінші раундта-ақ аяқтап, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетелік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Богдан Пшебельский жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғау үшін өзбекстандық Шохасан Мирзаматовқа қарсы шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или