Чарльстон турнирі: Путинцева жұптық сында жартылай финалға өтті

Чарльстон турнирі: Путинцева жұптық сында жартылай финалға өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында италиялық Элизабетта Кочареттомен бірге АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA-500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чарльстон турнирінде қазақстандық-италиялық дуэт Екатерина Горгодзе (Грузия) мен Рената Сарасуа (Мексика) кездесті.

Матч 1 сағат 42 минутқа созылып, Путинцева мен Кочареттоның пайдасына 3:6, 7:5, 10:7 есебімен аяқталды.

Финалға жолдама алу үшін қазақстандық-италиялық дуэт Дезире Кравчик пен Кэти МакНаллиден тұратын америкалық тандеммен кездеседі.

Еске сала кетейік, Путинцева жекелей сынның екінші кезеңінде Джессика Пегуладан 6:4, 4:6, 7:5 есебімен жеңіліп қалды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или