Максим Самородов «Ахмат» сапында үздіктер қатарына кірді

Максим Самородов «Ахмат» сапында үздіктер қатарына кірді

Грозныйдың «Ахмат» футбол клубы жанкүйерлердің дауыс беру нәтижелерін жариялап, Георгий Мелкадзені наурыз айындағы команданың ең үздік ойыншысы деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Көктемгі маусымның төрт ойынының әрқайсысынан кейін жүргізілген сауалнамада қазақстандық шабуылшы Максим Самородов жеті ұпаймен екінші орын алды. Ол ойыннан кейінгі сауалнамаларда екі рет екінші, бір рет үшінші орын алды.

Дауыс беру жеңімпазы Георгий Мелкадзе үш рет матчтың үздік ойыншысы болып танылды және 15 ұпай жинады. Мирослав Богосавач алты ұпаймен үшінші орын алды.

22 турдан кейін «Ахмат» РПЛ турнир кестесінде 30 ұпаймен сегізінші орында тұр.


«Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

«Ордабасы» бразилиялық футболшымен келісімшартқа отырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или