OCTAGON 85 турнирінде тағы бір нокаут тіркелді
OCTAGON 85 турнирінде жартылай орта салмақтағы жекпе-жек небәрі бір минутқа жетпей аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік Магомед Махамаев қарсыласы өзбек файтері Саидатахон Нуриддиновпен октагонда кездесті. Жекпе-жектің алғашқы минутының соңына қарай Махамаев қарсыласын күтпеген соққымен нокдаунға жіберіп, артынша техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Богдан Пшебельский жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғау үшін өзбекстандық «хайлайт-машина» атанған Шохасан Мирзаматовқа қарсы шығады.
Айта кетелік, жеңіл салмақтағы чемпиондық титул қазақстандық Еламан Жетписбай мен өзбекстандық Жамолиддин Рахмонжонов арасында сарапқа салынады.
Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады
UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?
Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»