OCTAGON 85: қазақстандық файтер өзбек қарсыласын сұлатып түсірді
Ташкентте өткен турнирде жеңіл салмақтағы қазақстандық Абылай Мырзабек (4-2) өзбекстандық Самандар Реимбаевқа (2-1) қарсы октагонға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы раунд тең деңгейде өтті. Екінші раундта Мырзабек қарқынын күшейтіп, жекпе-жекті партерде аяқтады. Ол қарсыласына ауыр соққылар сериясын жасап, нәтижесінде Реимбаев уақытша есеңгіреп қалды. Осылайша, қазақстандық файтер айқын әрі сенімді жеңіске қол жеткізді.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта қазақстандық Богдан Пшебельский (7-2) мен өзбекстандық «хайлайт-машина» Шохасан Мирзаматов (16-4) чемпиондық белбеу үшін айқасады.
Айта кетелік, жеңіл салмақтағы чемпиондық атақ үшін қазақстандық Еламан Жетписбай (7-1-1) мен өзбекстандық Жамолиддин Рахмонжонов (7-1-1) кездеседі.
Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады
UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?
Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»