OCTAGON 85 турнирінде күтпеген нәтиже тіркелді

OCTAGON 85 турнирінде күтпеген нәтиже тіркелді

Ташкентте өткен OCTAGON 85 турнирі аясында жартылай жеңіл салмақта қызықты жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қырғызстандық файтер Бекзат Саитов (1-0) өзбекстандық лақап аты «Испанчик» Бобиржон Исроиловпен (1-0), октагонда кездесті.

Алғашқы раундта жекпе-жек тізгінін Исроилов ұстап, қарсыласынан басым болды. Алайда екінші раундта Саитов мінез көрсетіп, қуатты камбэк жасап, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл кездесу турнирдің басты апсеттерінің біріне айналды.

Сонымен қатар, ко-мейн ивентте жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін қазақстандық Еламан Жетписбай (7-1-1) мен өзбекстандық Жамолиддин Рахмонжонов (7-1-1) кездеседі.

Айта кетелік, кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта қазақстандық Богдан Пшебельский (7-2) мен өзбекстандық «хайлайт-машина» Шохасан Мирзаматов (16-4) чемпиондық белбеу үшін айқасады.

Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады

UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?

Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или