OCTAGON 85 турнирінде күтпеген нәтиже тіркелді
Ташкентте өткен OCTAGON 85 турнирі аясында жартылай жеңіл салмақта қызықты жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қырғызстандық файтер Бекзат Саитов (1-0) өзбекстандық лақап аты «Испанчик» Бобиржон Исроиловпен (1-0), октагонда кездесті.
Алғашқы раундта жекпе-жек тізгінін Исроилов ұстап, қарсыласынан басым болды. Алайда екінші раундта Саитов мінез көрсетіп, қуатты камбэк жасап, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл кездесу турнирдің басты апсеттерінің біріне айналды.
Сонымен қатар, ко-мейн ивентте жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін қазақстандық Еламан Жетписбай (7-1-1) мен өзбекстандық Жамолиддин Рахмонжонов (7-1-1) кездеседі.
Айта кетелік, кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта қазақстандық Богдан Пшебельский (7-2) мен өзбекстандық «хайлайт-машина» Шохасан Мирзаматов (16-4) чемпиондық белбеу үшін айқасады.
Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады
UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?
Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»