Бірінші лигадағы «Тұранның» толық тізімі белгілі болды

Бірінші лигадағы «Тұранның» толық тізімі белгілі болды


Қазақстан кәсіпқой футбол чемпионаттарын ұйымдастырушы дирекцияның ресми сайтында «Тұран» клубының 2026 жылғы маусымға арналған құрамы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда құрамына қақпашылар Никита Калмыков пен Жандар Жанғалиев енді. Қорғаныс шебінде Богдан Савкив, Карам Султанов, Асқар Сатышев, Қуаныш Дүйсенбекұлы, Константин Горизанов, Қанат Әшірбай, Сұлтанбейбарыс Әбдуғаппаров, Темірлан Мұрзағалиев және Асылхан Жұмахан бар.

Жартылай қорғаушылар қатарында Бекзат Құрманбекұлы, Саят Бақтыбай, Думан Нарзилдаев, Уалихан Мұхаметжанов, Дәурен Сүйінов, Давранбек Сеитов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Мирас Рахметов, Өркен Махан, Захар Порох, Ернұр Сисимбай, Самат Шәмші, Дидар Жалмұқан, Арафат Молдағалиев және Әліби Тұзақбаев бар.

Шабуыл шебінде Марлен Айманов, Едіге Оралбай, Матвей Герасимов және Әлімжан Еркен өнер көрсетеді.

Команданың бас бапкері — Виктор Кумыков, оның көмекшісі — Самат Смақов.

Айта кетейік, өткен маусымда «Тұран» ҚПЛ-де соңғы орын алып, Бірінші лигаға түсіп қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или