Базров: Джонсонмен жекпе-жек біз үшін қауіпті

Базров: Джонсонмен жекпе-жек біз үшін қауіпті

DAR Pro Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маманның айтуынша, инсайдерлер айтып жүрген Чарльз Джонсонға қарсы айқас жақын арада ресми түрде жариялануы мүмкін. Команда бұл ұсынысты қабылдаған.

«Иә, бұл ақпарат расталса, UFC жақын арада өзі жариялайды. Ұйымда бәрі хайпқа байланысты. Джонсон соңғы жеңісінен кейін Асуға қарсы шыққысы келетінін айтты. Ұйым бізге осы жекпе-жекті ұсынды, біз бас тартқан жоқпыз», — деді Базров.

Оның сөзінше, бұл айқас оңай болмайды және белгілі бір тәуекел бар. Дегенмен ұйым сенімін ақтау үшін мұндай ұсыныстарды қабылдау маңызды екенін атап өтті.

Алдын ала мәлімет бойынша, жекпе-жек 27 маусым күні Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінде ұйымдастырылуы мүмкін. Алмабаев рейтингте сегізінші орында болса, Джонсон 13-сатыда тұр.

Айта кетейік, америкалық файтер бұған дейін қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен Азат Мақсұмды жеңген, сондай-ақ 2024 жылы Джошуа Ванды нокаутқа түсірген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или