Михаил Кайзер әлемнің үздік ойыншысы атағына үміткер атанды
Қазақстан жағажай футболы құрамасының ойыншысы Михаил Кайзер 2025 жылғы әлемнің үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңімпаз ұлттық құрамалардың бас бапкерлері мен капитандарының дауыс беруі арқылы анықталады.
Айта кетейік, Кайзер бұған дейін Евролига-2025 турнирінің B дивизионында ең құнды ойыншы атанған.
Ол турнир барысында жеті матч өткізіп, жеті гол соғып, Қазақстан құрамасының үздік бомбардирі болды.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы Евролига-2025 жарысында сәтті өнер көрсетіп, келесі маусымда А дивизионында ойнау құқығына ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или